Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Республика Президенті жайында

Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев1940 жы­лы 6 шілде­де Ал­ма­ты об­лы­сы, Қара­сай ауда­нының (Қас­ле­лең), Ша­малған ауылын­да дүни­еге кел­ген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен ана­сы Әлжан­ның тұңғышы.

Мек­теп та­бал­ды­рығын ат­таған­нан соң ба­рып Сұлтан ба­ла (ба­ла кезінде пре­зидентті ел осы­лай атаған) әке-ше­шесінің қамқор­шы­сы бол­ды. Басқа ба­лалар­дай ол да асық ой­нап, доп тепті. Мек­тепте озат оқыған Нұрсұлтан сы­нып­тағы оқушы­лар­дың ақыл­шы­сы әрі ұйтқысы еді. Әкесінің қамқоры Нұрсұлтан ісіне тын­ды­рым­ды, асықпай­тын ор­нықты, әрі са­быр­лы, жаңалыққа жа­ны құмар бо­латын. Ба­уыр­ла­ры Са­тыбал­ды, Әни­па, Бо­латқа үнемі жа­нашыр­лық жа­сап, көмек­тесіп жүреді екен. Жа­сынан пы­сық, ой­лы, та­лап­ты жа­ралған Нұрсұлтан ал­дағы алар ме­жесін, аса­тын асу­ын ер­те іздеді. Ол алғашқыда ұшқыш, бірде ге­олог, енді бірде хи­мик болғысы да келді. Кейінде бұл шешімінен бас тар­тып, 1958 жы­лы Днеп­родзер­жинск (Ук­ра­ина) тех­ни­калық ущи­лищесіне түсіп 1960 жы­лы май айын­да Нұрсұлтан Днеп­родзер­жинскіден Теміртауға екінші дәре­желі гор­но­вой қара ме­тал­лургия өндірісінің білікті ма­маны де­ген атақпен ора­лады. 1967 жы­лы Қараған­ды ме­тал­лургия ком­би­наты­на қарас­ты жоғары тех­ни­калық оқу ор­нын бітірді.

Еңбек жо­лын Теміртау қала­сын­дағы «Қаз­ме­тал­лургқұры­лыс» тресінің жұмыс­шы­сы бо­лып бас­таған. Кейін Қараған­ды ме­тал­лургия за­водын­да (Қар­метком­би­нат) шойын құюшы, дом­на пешінің көрікшісі, дис­петчер, газ ай­да­ушы бол­ды. 1969 – 1976 жыл­да­ры Теміртау қала­сын­дағы пар­тия-ком­со­мол жұмыс­та­рын­да жа­уап­ты қыз­меттер атқар­ды. «Ком­му­нистік еңбек екпіндісі» де­ген атаққа да ие бол­ды. Қазақстан ком­со­молы­ның Х съезіне, БЛКЖО-ның XIX съезіне қатыс­ты. Дүние жүзі жас­та­рының Хель­син­ки қала­сын­да өткен фес­ти­валы­на да бар­ды. 1973 – 77 ж. Қараған­ды ме­тал­лургия ком­би­наты­ның парт­ком же­текшісі, 1977 – 79 жыл­да­ры Қараған­ды қала­лық пар­тия ко­митетінің хат­шы­сы, 2-хат­шы­сы, 1979 – 84 жыл­да­ры Қазақстан КП ОК хат­шы­сы, 1984 – 89 жыл­да­ры Қазақстан Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы, 1989–91 ж. Қазақстан КП ОК-нің бірінші хат­шы­сы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жыл­дың ақпан – сәуір) бол­ды.

1990 жы­лы 25 на­урыз­да КСРО-да пре­зиденттік басқару инс­ти­туты енгізуіне орай 12-сай­ланған рес­публи­ка Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Пре­зиденті қыз­метін бекіту және Қазақ КСР Конс­ти­туци­ясы­на өзгерістер мен то­лықты­рулар ту­ралы» Заң қабыл­да­ды 24 сәуір 1990 жы­лы және сол күні На­зар­ба­ев Қазақ КСР-інің Пре­зиденті бо­лып сай­лан­ды. Бірақ пре­зидент бағыт-бағда­рын белгілеп алған­нан соң ба­рып, 1990 жы­лы 25 қазан­да еге­мендік ту­ралы Дек­ло­рация қабыл­да­ды. Со­нымен бірге Қазақстан КП ОК-нің бірінші хат­шы­сы қыз­метін қоса атқар­ды.

Мем­ле­кет бас­шы­сының алғашқы маңыз­ды заң актілерінің бірі – 1991 жыл­дың 10 жел­тоқсан­да қол қойылған «Қазақ Кеңестік Со­ци­алистік Рес­публи­касы­ның ата­лу­ын өзгер­ту ту­ралы» заң. Бұл заң бойын­ша Қазақ КСР-і бұдан бы­лай Қазақстан Рес­публи­касы деп ата­латын бол­ды.

1991 ж. 16 жел­тоқсан­да «Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік тәуелсіздігі ту­ралы» конс­ти­туци­ялық заңға қол қойып, 1991 жыл­дың 1 жел­тоқса­нын­да жал­пы­халықтық сай­лау өтіп, Нұрсұлтан На­зар­ба­ев Пре­зидент бо­лып сай­ла­нысы­мен 16 жел­тоқсан­да «Қазақстан Рес­публи­касы­ның Мем­ле­кеттік тәуелсіздігі ту­ралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мем­ле­кеттің еге­мендігін жа­ри­яла­ды.

1995 ж. 29 сәуірде өткізілген бүкілха­лықтық ре­ферен­дум нәти­жесінде Н. На­зар­ба­ев­тың пре­зиденттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзар­тылды. Қазақстан Пар­ла­ментінің шешімімен 1999 ж. 10 қаңтар­да өткен сай­ла­удың нәти­жесінде Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті бо­лып қай­та сай­лан­ды.

Мем­ле­кет бас­шы­сының ал­дында ел­де на­рықтық эко­номи­каны қалып­тасты­ру, де­мок­ра­тия, са­яси тұрақты­лық, ұлта­ралық және діна­ралық келісімді нығай­туға бағыт­талған кең көлемді ша­ралар­ды іске асы­ру міндет­тері тұрды.

На­зар­ба­ев­тың ішкі са­яса­ты, ең ал­ды­мен, ел­дегі де­мок­ра­ти­ялық инс­ти­тут­тарды да­мытуға бағыт­талған. Са­яси пар­ти­ялар мен қоғам­дық бірлестіктер құру құқығы, т. б. Аза­мат­тық құнды­лықта­ры енгізіле бас­та­ды. Жергілікті Өкілетті ор­гандар­дың өкілеттіліктерін кеңей­ту бағытын­да қомақты іс-ша­ралар жүзе­ге асы­рыл­ды.

На­зар­ба­ев ха­лық ша­ру­ашы­лық ке­шенінің құлды­ра­уынан кейін үлкен дағда­рысқа ұшы­раған Қазақстан эко­номи­касын түбе­гейлі ре­фор­ма­лауға ба­са на­зар аудар­ды.

1992 жыл­дың ба­сын­да «Қазақстан­ның еге­менді мем­ле­кет ретінде қалып­та­суы мен да­муы стра­теги­ясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы са­яса­тының бағыт-бағда­рын айқын­да­ды. Қажыр­лы еңбектің нәти­жесінде өнеркәсіпті жан­данды­ру, же­кеше­лендіру, мак­ро­экон. тұрақта­ну, қар­жы-бюд­жет және са­лық жүйесін, жи­нақта­ушы зей­не­тақы жүйесін құру, тұрғын үй, ком­му­нал­дық ша­ру­ашы­лықты ре­фор­ма­лау, т. б. іс-ша­ралар жүзе­ге асы­рыл­ды.

На­зар­ба­ев­тың же­текшілігімен «Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі да­му стра­теги­ясы» әзірленіп мем­ле­кет да­му­ының ба­сым бағат­та­ры айқын­далды. «Қазақстан – да­му стра­теги­ясы­ның» іске асы­рылу­ының нәти­жесінде 1999 жыл­дың аяғына та­ман Қазақстан­да эко­номи­каның тұрақты және шап­шаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қар­жы ре­сурс­та­рын жи­нақтау үрдісі белгіленді.

1997 ж. 20 қазан­да Н. На­зар­ба­ев Ақмо­ла қала­сын Қазақстан Рес­публи­касы­ның ас­та­насы деп жа­ри­ялау ту­ралы жар­лыққа қол қой­ды (қ. Ас­та­на).

На­зар­ба­ев­тың эко­номист және са­ясат­кер ретінде жәке бе­делі ел­де қолай­лы ин­вести­ци­ялық аху­ал­дың қалып­та­су­ына, көпте­ген мем­ле­кет­термен және ха­лықара­лық қар­жы инс­ти­тут­та­рымен қарқын­ды эко­номи­калық ын­ты­мақта­суға игі ықпал етті. Эко­номи­каның қарқын­ды өсуі мем­ле­кет бас­шы­сына ауыл­ды да­мыту, ке­дейшілікпен күрес, тұрғын үй құры­лысын да­мыту, т. б. ша­ралар­ды көздейтін ірі әле­уметтік бағдар­ла­малар­ды іске асы­руға мүмкіндік берді. Осы ре­фор­ма­лар­дың нәти­жесінде Қазақстан эко­номи­касы­на 30 млрд. АҚШ долл. көлемінде тіке­лей ше­тел ин­вести­ци­ясы тар­тылды. Пре­зиденттің тап­сырма­сы бойын­ша Ин­дуст­ри­ал­ды-ин­но­ваци­яның да­му стра­теги­ясы әзірленіп, ин­вести­ци­ялық және ин­но­ваци­ялық қор­лар құрыл­ды.

Елдің ішкі са­яса­тын­да На­зар­ба­ев Қазақстан қоғамын де­мок­ра­ти­ялан­ды­ру мәсе­лесіне мән бе­реді. Қазақстан­да де­мок­ра­ти­ялық инс­ти­тут­тардың да­муы дәйекті жүргізілді, ел­де са­яси плю­рализм мен көп пар­ти­ялық жүйе ор­нықты.

На­зар­ба­ев ұлттық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету және мем­ле­кеттілікті сақтап қалу ең бас­ты мақсат деп са­най­ды. Оның бас­та­масы­мен ұлттық қауіпсіздікті нағай­ту мақса­тын­да лаңкестікпен, экс­тре­мизм мен се­пара­тизмнің өзге көріністерімен күрестің мем­ле­кеттік бағдар­ла­мала­ры бекітіліп, ТМД мем­ле­кет­терінің лаңкестікке қар­сы ор­та­лығы құрыл­ды (2000).

На­зар­ба­ев қазіргі за­манғы әлемдік өзгерістерді және ел­дегі са­яси-әле­уметтік ре­фор­ма­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, Қазақстан­ның сыртқы са­яса­тының тұжы­рым­да­масын жа­сап, оның стра­теги­ялық, мақсат-міндет­терін, негізгі прин­циптері мен бас­ты бағыт­та­рын айқын­да­ды. Өза­ра бай­ла­ныс ауқымын кеңей­ту мақса­тын­да На­зар­ба­ев Ке­ден одағын нығай­ту, еркін са­уда ай­мағын құру және ТМД ор­ганда­рын жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа бас­та­малар көтерді. На­зар­ба­ев­тың 1994 ж. на­урыз­да ұсынған Ев­ра­зи­ялық одақ құру ту­ралы иде­ясы ерек­ше маңызға ие бол­ды. Оның ойын­ша, бұл одақ ТМД ел­дері ықпал­да­су­ының бо­лашақтағы ны­саны ретінде Еура­зия өрке­ни­етіне серпіліс бе­реді.

На­зар­ба­ев­тың түрлі мәде­ни­ет­тері, діндер, өрке­ни­ет­тер ара­сын­да жүйелі сұхбат ор­на­ту бағытын­да жүргізіп отырған са­лиқалы са­яса­ты ерек­ше мәнге ие.

На­зар­ба­ев ғылым­ның да­му­ына, білім бе­ру жүйесін ре­фор­ма­ла­уды іске асы­руға қомықты үлес қосып ке­леді. Ол Қазақстан ха­лықта­ры ас­самб­ле­ясы­ның же­текшісі (1995) және Дүние жүзі қазақта­ры қауым­дастығының төреғасы (1992), сон­дай-ақ Ор­та Азия мен Қазақстан ха­лықта­рының дос­тығы қоры­ның құрметті төрағасы ретінде ел­де аза­мат­тық келісім аху­алын ор­нықты­рып, Еура­зия кеңістігінде, күллі әлем­де бейбітшілік пен та­тулықты сақтауға, ха­лықара­лық, са­яси, экон., мәде­ни ын­ты­мақтас­тық аясын кеңей­ту үлесін қосып ке­леді.

1992 ж. На­зар­ба­евқа «ТМД-дағы аса маңыз­ды рес­публи­кала­лар­дың бірінде жаңа са­яси, экон. және әле­уметтік жүйені да­мытып, нығай­туға сіңірген қомақты үлесі үшін» «Кап­ри сый­лығы» берілді.

1998 ж. Жел­тоқсан­да Түркия Рес­публи­касы­ның 75 жыл­дығына орай «Түркі әлемі ха­лықта­рының ара­сын­дағы қарым-қаты­нас­ты да­мытуға қосқан үлесі үшін» сый­лығы, 1999 ж. 8 ма­усым­да «Түркі әлеміне қыз­мет ет­кені үшін» сый­лығы, 1996 ж. 22 ма­усым­да прог­ресті да­мытуға сіңірген еңбегі үшін Кранс-Мон­та­на ха­лықара­лық фо­румы­ның ар­на­улы жүлдесі, т. б. та­быс етілді. Сон­дай -ақ Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Ре­сейдің жоғары мем­ле­кетінің наг­ра­дасы – Қаси­етті апос­тол Анд­рей Пер­возван­ный (12.10.1998), Өзбекс­тан­ның «Бу­юк хиз­матла­ри учун» (Үздік та­быс­та­ры үшін), Ру­мын елінің аса мәрте­белі наг­ра­дасы — «Стя­уа Ро­мыни­ей» (Ру­мыния жұлды­зы), т. б. ор­дендер­мен ма­рапат­талды. 1999 ж. 26 қазан­да На­зар­ба­евқа «Ал­тын Ат­лант» сый­лығы мен ха­лықара­лық тех­но­логия ака­деми­ясы­ның мүшелік доп­ло­мы және Ни­обий ме­далі берілді.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев Қазақстан мем­ле­кеттігінің қалып­та­суы мен қарқын­ды да­му­ының және қоғам­ды жаңаша ре­фор­ма­ла­удың нақты стра­теги­ялық, кон­цепту­ал­дық үлгісін ұсы­нып, оны жүзе­ге асы­руға бар күш-жігерін жұмсап, са­налы ғұмы­рын ар­нап ке­ле жатқан ұлы қай­рат­кер.

Бо­дан­дықтан бос­тандыққа қадам басқан жаңа тұрпат­ты мем­ле­кеттің күрделі ке­зеңінде Пре­зидент еліміздің ер­теңі мен бо­лашағы үшін ұлттық мем­ле­кеттің мызғымас негізін қалап, ғасыр­лар бойы аңсаған азат­тықтың ба­ян­ды бо­луы мақса­тын­да тың жол – қазақстан­дық жол­ды қалыр­тастыр­ды.

Ел­ба­сы әлем­дегі да­мыған мем­ле­кет­тердің бай тәжіри­бесін та­разы­лай оты­рып, тәуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһан­дық өрке­ни­ет көшіне қосы­лу­ының бірден-бір дұрыс жо­лын нұсқап және жүзе­ге асы­руды өз жа­уап­кершілігіне алып, оны жыл сайынғы ха­лыққа ар­налған Жол­да­ула­рын­да ег­жей-тег­жейлі ба­ян­дап ке­леді. Со­нымен бірге Пре­зидент тәуелсіздіктің то­лыққан­ды шежіресін жа­зу міндетін де ұлт зи­ялы­лары­ның ал­ды­на та­лап етіп қой­ды.

«Әлем Қазақстан ту­ралы. Әлем Пре­зидент ту­ралы» көптом­дық жас мем­ле­кеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қай­та өрле­тудегі Ел­ба­сының ұлан-ғайыр еңбегін, дүни­ежүзілік қауым­дастықтың осы­ны қалай мойын­дап отырғанын дәлел­дейтін құжат­тарға, де­рек­на­маларға негіздел­ген.

Кітап­тың бірінші то­мы еліміздің тағды­ры үшін және Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев­тың же­ке ба­сы үшін ора­сан зор маңызы болған тәуелсіз мем­ле­кетіміз – Қазақстан Рес­публи­касы­ның құры­луы мен ор­нығу та­рихы­ның алғашқы жыл­да­рын­дағы мем­ле­кеттік мүдде, ұлттық қауіпсіздік, ай­мақтық және әлемдік шы­найы кел­беті мен бағыт-бағда­ры сияқты өзекті мәсе­лелер­ге ар­налған.

«Тәуелсіздік шежіресіне» Ел­ба­сы қол қойған мем­ле­кеттік маңызы бар құжат­тар – Жар­лықтар, Заңдар, Өкімдер, Қаулы­лар енгізілген.

«Ел­ба­сы жол­да­ды – елі қол­да­ды» делінетін се­ри­яда Пре­зиденттің 1996–2008 жыл­дар ара­лығын­дағы Қазақстан халқына Жол­да­ула­ры то­лық қам­тылған.

"Ел­мен сыр­ла­су” Ел­ба­сының Қазақстан Рес­публи­касы Пар­ла­менті оты­рыс­та­рын­да, бас­пасөз кон­фе­рен­ци­яла­рын­да, ел ал­дында сөй­ле­ген сөздері, көгілдір эк­ранда тіке­лей эфир арқылы еліміздің көркеюі жо­лын­дағы көкей­кесті мәсе­лелерді көтер­ген ба­ян­да­мала­ры, сөздері, ел және ше­тел жур­на­лис­теріне бер­ген сұхбат­та­ры жи­нақталған.