Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Екінші дүни­ежүзілік соғыс 1939 жы­лы Гер­ма­ни­яның Поль­шаға ша­бу­ылы­мен бас­талды. КСРО-ны жеңген­нен кейін фа­шис­тер Ор­та Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағын­да Гросс-Түркістан рей­хко­мис­са­ри­атын құру, ал Қазақстан­ның Ор­та­лық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудан­да­рын­да Қараған­ды, Но­восібір және Куз­нецк «Ин­дуст­ри­ал­ды об­лыста­рын құру жос­па­ры бол­ды». Соғыс­тың алғашқы күнінен бас­тап Қазақстан май­дан ар­се­нал­да­рының біріне ай­нал­ды (ар­се­нал – күш-қуат, қару-жа­рақтар қой­ма­сы).

1941–1945 жыл­да­ры бар­лығы 480 за­уыт, фаб­ри­ка, кеніш, шах­та және өндіріс орын­да­ры са­лын­ды. Рес­публи­када өнеркәсіп өндірісі соғыс жыл­да­рын­да 37 пайызға өсті, бұл соғыс­тың ал­дындағы төрт жыл­дағы өнімнен 2 пайыз жоғары бол­ды. 1941–1945 жыл­да­ры Қазақстан­ның ауыл-се­ло еңбек­керлері май­данға 5829 мың тон­на ас­тық, 734 мың тон­на ет және басқа азық-түліктер, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Соғыс жыл­да­рын­да Кеңес Ар­ми­ясы­ның қата­рына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстан­дықтар шақырыл­ды, 20дан ас­там атқыш­тар ди­визи­ясы мен басқа да әске­ри бөлімдер құрыл­ды. Май­данға 14,1мың жүк және жеңіл ав­то­мобиль­дері, 1,5мың шын­жыр та­бан­ды трак­тор, 110,4мың жылқы жіберілді.

Жүзде­ген мың қазақстан­дықтар ерлігі үшін ор­дендер­мен және ме­даль­дар­мен ма­рапат­та­лып, қазақстан­дық 500-ден ас­там жа­уын­гер Кеңес Одағының Ба­тыры атағын ал­ды, оның ішінде екі қыз – Әлия Мол­дағұло­ва мен Мәншүк Мәме­това бол­ды. Төрт қазақстан­дық Т. Би­гель­ди­нов, С. Лу­ганс­кий, И. Пав­лов, Л. Бе­да екі мәрте Кеңес Одағының Ба­тыры атағына ие бол­ды. Рей­хстаг­та Р. Қошқар­ба­ев жеңіс ту­ын тікті. Соғыс­тан кейін Ба­тыр жұлды­зы көрнекті әскер бас­шы­сы Б. Мо­мышұлы­на берілді.

1933 жы­лы Гер­ма­ни­яда фа­шистік пар­тия сай­ла­уда жеңіске же­теді, оның же­текшісі Адольф Гит­лер ел­де қатал тәртіп ор­натты. Гит­лерлік Гер­ма­ния өзінің соғыс жос­па­рын 1939 жы­лы бас­та­ды. 1939 жы­лы 1 қыркүйек­те Гер­ма­ния Поль­ша жеріне ба­сып енуімен Екінші дүни­ежүзілік соғыс бас­талды. Гер­ма­ния 1941 жы­лы өзінің бас­ты қар­сы­ласы деп есеп­те­ген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің әде­би­етімізде бұл Ұлы Отан соғысы де­ген ат­пен белгілі.

1941 жы­лы 22 қыркүйек­те таңғы сағат 4 ша­масын­да Гер­ман әскері КСРО-ның ба­тыс ше­кара­лары­на ене бас­та­ды. Гит­лердің соғыс жос­па­ры «Бар­ба­рос­са» деп атал­ды, ол жос­пар бойын­ша КСРО­ны 3–4 ай­да жа­улап алып, оны бо­лашақ соғыс жо­рықта­ры кезіндегі шикізат, адам ре­сур­сы­на ай­нал­дырмақшы бол­ды.

Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры КСРО бойын­ша 11600ден ас­там адам ерлігі ұшін Кеңес Одағының Ба­тыры атағын ал­са, со­ның 497-і қазақстан­дықтар, ал 97 қазақтар бол­ды. Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры ең алғаш Кеңес Одағының Ба­тыры атағын алған қазақстан­дық жа­уын­гер К. А. Се­мечен­ко (1941 жы­лы 22 шілде) еді. Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры Кеңес Одағының Ба­тыры атағын алған ең жас қазақ жа­уын­гері 18 жа­сар Ж. Еле­усізов еді. 1941–1945 жыл­да­ры май­дан шебінде соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жа­зушы­лары қатыс­ты. Қасым Қай­се­нов, Әди Шәріпов сын­ды қаһар­ман пар­ти­зан­дар жау ты­лын­да аян­бай шайқас­ты. Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры КСРО 27 млн аза­маты­нан айырыл­ды, оның ша­мамен 4101 мыңы қазақстан­дықтар. 1710 қала тип­тес ме­кен, 70 мыңдай ауыл-се­лолар қира­ды.

1945 жы­лы 9 ма­мыр­да Кеңес қызыл ар­ми­ясы Гер­ма­ни­яның ас­та­насы Бер­лин қала­сының төбесіне Жеңіс ту­ын тікті.