Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

1917 жылғы Қазан төңкерісі – 1917 жы­лы 25 қазан­да Пет­роград­та болған ірі әле­уметтік-са­яси, та­рихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ле­нин басқарған боль­ше­вик­тер пар­ти­ясы­ның же­текшілігімен жүзе­ге асы­рыл­ды. Қазақстан­да Кеңес өкіметінің ор­на­уы ұзаққа со­зыл­ды. Қазақстан­да Кеңес өкіметін ор­на­ту ісіне Ә. Жан­гелдин, С. Сей­фул­лин, К. Сүтішев, А. Асыл­бе­ков, Ә. Майкөтов, И. Ду­бинин, К. Шу­га­ев, Я. Уша­нов, А. Има­нов, С. Цвил­линг, Т. Рысқұлов, Т. Бо­кин, П. Ви­ног­ра­дов, Л. Еме­лев, Т. Өте­пов, А. Ро­зыба­ки­ев, т. б. бел­се­не қатыс­ты.

Аза­мат соғысы Қазақстан­ды да қам­ты­ды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы бол­ды. Боль­ше­вик­тер мен кеңес өкіметін жақта­ушы­лар «қызыл­дар» деп атал­са, оларға қар­сы тұрған­дар «ақтар» деп атал­ды. Қазақстан­да Кеңес өкіметіне қар­сы қару­лы күрестің негізгі күштері Орын­бор, Сібір, Орал, Жетісу ка­зак әскер­лері, өнеркәсіп орын­да­рының бұрынғы қожа­лары, кезінде ре­сей­ден қоныс ауда­рып ке­лушілердің ауқат­ты топ­та­ры, қазақ ауылы­ның бай-шон­жарла­ры және со­лар­дың мүдде­лерін қорғай­тын са­яси пар­ти­ялар мен ұйым­дар бол­ды. 1920 жыл­дың көктемінде Қазақстан­дағы аза­мат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқтал­ды.