Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Ауыр соғыс­та жеңіске же­ту ел басқару­дың әкімшіл әдістерінің дұрыс­тығына сенім туғыз­ды. 40–50 жыл­да­ры әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Бұл жүйенің же­текші күші Ком­му­нистік пар­тия бол­ды.

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда рес­публи­ка ла­герь­лер өлкесі бо­лып қала берді. Күштеп көшірілген­дер Қазақстанға, Ор­та Азия рес­публи­кала­рына, Ба­тыс және Шығыс Сібірге ор­на­лас­ты­рыл­ды. КСРО Мем­ле­кеттік Қауіпсіздік Ко­мис­са­ри­аты Басқар­ма­сының мәліметі бойын­ша, күштеп жер ауда­рылған­дар са­ны – 2 млн. 463940 (1946 ж. қазан­дағы са­нақ). Қазақ халқы ста­линдік зор­лық-зом­бы­лықтың құрба­ны болған ха­лықтарға көмегін аяған жоқ.

Соғыс жыл­да­ры Кеңес Одағы ұлттық бай­лығының үштен бірінен ай­рыл­ды. Өндірістегі жұмыс қолы­ның жетіспеуін то­лықты­ру мақса­тын­да 11 млн. 365 мың адам­дық Кеңес Ар­ми­ясы қата­рынан әскер­лерді бо­сату жүргізілді (де­моби­лиза­ция).

Соғыс­тан кейінгі алғашқы жыл – ауыл ша­ру­ашы­лығы үшін аса ауыр ке­зең.

40-жыл­дардың екінші жар­ты­сы – 50-жыл­дардың ба­сы – кеңес адам­да­рының ба­сым көпшілігі үшін ауыр ке­зең. Осыған қара­мас­тан аға ұрпақ өкілдері сол жыл­дарды «ал­тын ғасыр» деп атай­ды.

Ста­линнің қаза­сынан кейін (1953 жыл 5 на­урыз) ап­па­ратқа, қуғын­да­ушы ор­гандарға сүйен­ген жүйе дәуірі аяқтал­ды. «Жы­лымық жыл­да­ры» аталған 50-жыл­дардың екінші жар­ты­сынан бас­тап игі істер атқарыл­ды.

Бесінші бес­жылдық (1951–1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпо­рын са­лын­ды. 1957 жы­лы тұңғыш теп­ло­воз­дар Қараған­ды темір жо­лының Ерей­мен­тау де­посын­да пай­да бол­ды. Эко­номи­каның да­му қарқыны өсіп, 1954–1958 жыл­да­ры 730 өнеркәсіп орын­да­ры мен цех­тар іске қосыл­ды. 1959 жы­лы Қазақстан өнім өндіру­ден Одақта 3-орынға шықты.

Тың жер­лер игерілетін ай­мақтар: Қазақстан, Сібір, Орал, Солтүстік Кав­каз, Еділ бойы. 1954–1955 жыл­да­ры 1 млрд. 100 млн. — 1 млрд 200 млн. пұт ас­тық алу белгіленді. Қазақстан­дағы тың жер­лерді иге­ретін об­лыстар: Қос­та­най, Ақмо­ла, Солтүстік Қазақстан, Көкше­тау, Торғай, Пав­ло­дар. Тың иге­руге басқа рес­публи­калар­дан адам­дар көшіріліп әкелініп, оларға көпте­ген жеңілдіктер жа­сал­ды.

60-жыл­дардың ор­та­сын­дағы жүргізілген ша­ралар – соғыс­тан кейінгі ке­зең ішіндегі эко­номи­каны қай­та құруға бағыт­талған ең ірі ұмты­лыс.

1960 ж. ор­та­сынан 1980ж. ор­та­сына дейінгі ке­зең – тоқырау жыл­да­ры. Тоқырау ке­зеңінің иде­оло­ги­ясын­дағы бас­ты бағыт­тардың бірі – орыс­танды­ру са­яса­ты.