Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

V ғасыр­дан бас­тап Қазақстан аумағын ме­кен­де­ген тай­па­лар ара­сын­да қоғам­дық қаты­нас­тың жаңа түрі ор­наған еді. Ор­та ғасыр­лардағы Қазақстан та­рихы­на қоғам­дық қаты­нас­тың жаңа түрі – фе­одал­дық (немісше фе­од — "жер”, аль — "иесі”, яғни жердің иесі де­ген ұғым­ды білдіреді) қаты­нас­тың ор­на­уынан бас­тап, XV ғасыр­дағы Қазақ мем­ле­кеті мен қазақ халқының қалып­та­су­ына дейінгі ке­зең кірген.

Қазақстан­дағы ор­тағасыр­лық тай­па­лар­дың ара­сын­да негізгі екі тап: фе­одал­дар та­бы мен ша­ру­алар та­бы қалып­та­сады. Фе­одал­дар мал мен жердің негізгі иесі бол­ды. Фе­одал­дық қаты­нас­тың ор­на­уы Қазақстан­ның оңтүтігінде басқа өңірлер­ге қараған­да же­дел жүрді. Фе­одал­дық қаты­нас соғыс, шапқын­шы­лық, жо­рықтар негізінде қалып­тасты. Ор­та ғасыр­дағы Қазақстан та­рихы­ның бас­ты ерек­шеліктерінің бірі осы фе­одал­дық-пат­ри­ар­хаттық қаты­нас­тың ор­на­уы бол­ды.