Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

1985 жы­лы на­урыз­да К. У. Чер­ненко қай­тыс болған­нан кейін, КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің бас хат­шы­сы қыз­метіне М. С. Гор­ба­чев келді.

1985 жы­лы сәуірде КОКП ОК-нің пле­нумын­да әле­уметтік, эко­номи­калық да­муды же­дел­де­ту мәсе­лесіне сәй­кес эко­номи­калық құры­лым­ды ғылы­ми-тех­ни­калық прог­ресс негізінде қай­та құру бағыты жа­ри­ялан­ды.

1990 жы­лы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ КСР Пре­зиденті инс­ти­тутын енгізу және осы қыз­метке Н. Ә. На­зар­ба­ев­ты сай­лау мен 1990 жы­лы 25 қазан­да «Қазақ КСР-нің Мем­ле­кеттік Еге­мендігі ту­ралы» Дек­ла­раци­яны қабыл­дау бол­ды. 1991жы­лы 16 жел­тоқсан­да Қазақстан өз тәуелсіздігін жа­ри­яла­ды және ғасыр­лар бойы қағажу көріп, ұмыт бо­ла бас­таған тілін, салт-дәстүрін қай­та жаңғыр­тып, тәуелсіздік ту­ын биікке көтерді. Қазақстан Рес­публи­касы еге­мендігін алған­нан кейінгі алғашқы міндет­тер мем­ле­кеттік құры­лым­ды, аза­мат­тық қоғам­ды қалып­тасты­ру бол­ды. 1993 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы­ның қабыл­да­нуы Қазақстан­ның де­мок­ра­ти­ялық мем­ле­кеттігі қалып­та­су­ының бас­та­масы бол­ды.

Рес­публи­ка өз тәуелсіздігін жа­ри­ялаған­нан кейін мем­ле­кет бас­шы­сын сай­лау заңды­лық. Осы мақсат­пен 1991 жылғы 1 жел­тоқсан­да бүкілха­лықтық Пре­зидент сай­ла­уы өткізіліп, ха­лықтың біра­уыз­дан қол­да­уымен Н. Ә. На­зар­ба­ев Қазақстан­ның тұңғыш Пре­зиденті бо­лып сай­лан­ды.

1992 жылғы 4 ма­усым – Қазақстан Рес­публи­касы та­рихын­дағы ерек­ше мәрте­белі күн. Бұл күн еліміздің мем­ле­кеттік рәміздері – Туы, Ел­таңба­сы, Гимні – дүни­еге кел­ген күн ретінде мәңгі ес­те қала­ды.

Қазақстан­ның тәуелсіздігін ал­ды­мен та­нып, әлем ал­дында мойын­даған ту­ыс­тас Түркия мем­ле­кеті және Ру­мыния бол­ды. Бүгінде Қазақстан­ды 120 мем­ле­кет та­нып, 70-тен ас­там мем­ле­кет­пен елшілік дип­ло­мати­ялық қаты­нас ор­наттық. Еліміздің бірне­ше ха­лықара­лық ұйым­дардың мүшесі екендігін, әсіре­се олар­дың ішінде әлем­дегі ең бе­делді ұйым­дардың бірі – БҰҰ мүшелігін мақта­ныш­пен ай­та ала­мыз.