Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Б. з. б. 1 мыңжыл­дықтың ба­сын­да Қазақстан аумағын ме­кен­де­ген ха­лықтар­дың ша­ру­ашы­лық өмірінде бірқатар маңыз­ды өзгерістер бол­ды. Қазақстан­ды ме­кен­де­ген тай­па­лар осы кез­де көшпелі мал ша­ру­ашы­лығына бейімде­ле бас­та­ды. Бұл жағдай ша­ру­ашы­лықтың да­му­ына негіз бол­ды. Мұны­мен қатар көшпелілер ара­сын­да мәде­ни­ет те да­мыды. Б. з. б. VI­II – VII ғғ. Қазақстан аумағын ме­кен ет­кен тай­па­лар темірді пай­да­лана бас­та­ды. Бұл ке­зең та­рих­та тас, қола дәуірінен кейінгі ер­те темір дәуірі деп атал­ды. Аталған дәуірге жа­татын ес­керткіштер Қазақстан­ның Зай­сан көлі маңынан, Жетісу­дан, Тас­мо­ла қорған­да­рынан та­был­ды. Бұл дәуірде Қазақстан аумағын сақ, ғұн, қаңлы т. б. тай­па­лары ме­кен ет­кен.